Майкөбен көмір разрезінде жаңа жүк көліктері қолданысқа енді

АЛМАТЫ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Павлодар облысындағы Майкөбен көмір разрезінде  жаңа жүк көліктері пайдалануға берілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақмыс компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

      Жүкті өздігінен түсіретін жүк көтерімі  130-136 тонна болатын 2 БелАЗ-75131 көлігінің жалпы құны 2 миллион доллардан астам. Оған   Қазақмыс «БелАЗ» өндірістік бірлестігімен арадағы стратегиялық серіктестік аясында  қол жеткізіп отыр. Бұған дейін кеніште  45 тонналық 18 БелАЗ пайданылып келген болатын.

Майкөбен көмір разрезінің бас директоры Олег Косменюктің айтуынша, жаңа машиналарды алғаннан кейін разрездің техникалық паркі қайта жаңарып отыр. Ол еңбек тиімділігін арттырып, операциялық шығындарды біршама қысқартуға мүмкіндік береді.  Бұл енді кәсіпорынның өндірістік көрсеткішін жақсартуға да өз ықпалын тигізбек.

Жалпы «Майкөбен Вест» көмір карьерінде өткен жылы 3,6 миллион тонна көмір өндірілген болатын. Бұл қуаты 4 мың МВт болатын Екібастұздағы ГРЭС-1 пайдаланатын отынның  20 пайызын құрайды.

Соңғы жаңалықтар