21:13, 31 Шілде 2012 | GMT +5
Майя Манеза жұлқа көтеру сайысында екінші орында
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Дәл қазіргі уақытта Лондон Олимпиадасында ауыр атлетикадан 63 келі салмақ санатындағы әйелдер арасында жарыстар өтуде.

Бұл салмақ санатында еліміздің намысын қорғаушы Майя Манеза жұлқа көтеру сайысында 110 келілік зілтемірді бағындырып, екінші орынға тұрақтады. Алда - серпе көтеру жарыстары. Айта кетерлігі, 112 келіні бағындырған ресейлік Светлана Царукаева әзірше бірінші орында тұр.
Айта кетейік, қазақстандық ауыр атлетші Майя Манеза екі дүркін әлем чемпионы (2009 жылы 2010 жылдар), 63 келіге дейінгі салмақта 2011 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Жұлқа көтеруде 143 келіні бағындырып, әлем рекордын орнатқан. 2007 жылы Қазақстанның құрамасына шақырылды.
2009, 2010 және 2011 жылдарғы Қазақстан чемпионы, 2009 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2010 жылғы Азия ойындарының чемпионы. Алматы облысынан қатысуда.