Мажарстан білім және ғылым саласында Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан мен Мажарстанның арасында студенттермен және оқытушылармен алмасу мәслесі талқыланды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқу орнының веб-өкілдігіне сілтеме жасап. Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Балла Янош өз сөзінде, «Мажарстанның географиялық қашықтыққа қарамастан, екі елдің арасындағы қарым-қатынасты дамытуға мүдделі. Мажарстанның үш үлкен университеті Қазақстанмен қарым-қатынас орнатқан. Соның негізінде білім саласында ынтымақтастық үшін жағдай жасауға мүмкіндіктер баршылық», деп атап көрсетті. «Visiting professors бағдарламасы біздің елімізде белсенді жұмыс істейді. Оны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлініп отыр. Біздің ынтымақтастығымыз енді ғана басталып келеді: біз осынау жоба аясында Мажарстаннан ғалымдар, профессорлар шақыруға үміттіміз», деді өз кезегінде Еуразия ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Әбдірайымов өз сөзінде. Мажар елшісі халықаралық қатынастар факультетінде дәріс циклын оқу туралы ректордың ұсынысын қабылдады.
Соңғы жаңалықтар