Мажарстан Қазақстанмен энергетикалық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді — Петер Сийярто

АСТАНА. KAZINFORM — Мажарстанның Сыртқы істер министрі Петер Сийярто Silk Way телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) аясындағы өз елінің басым бағыттары туралы айтып, Қазақстанмен энергетикалық ынтымақтастық саласындағы прогресті жоғары бағалады. 

Венгрия Қазақстанмен стратегиялық әріптестікті және энергетикалық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді — Петер Сийярто
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Silk Way телеарнасының тілшісі Айнұр Иманғали Венгрияның Түркі мемлекеттері ұйымына бақылаушы мәртебесіне ие бола отырып, ұйымның экономикалық күн тәртібіндегі болашақ рөліне қатысты сұрақ қойды. Сонымен қатар тілші Қазақстан мен Мажарстан арасындағы жоғары деңгейдегі соңғы кездесулер мен бірлескен энергетикалық жобалар аясындағы ынтымақтастық туралы сұрады.

Министр жауабында Мажарстанның Қазақстанмен стратегиялық әріптестігі алғыс айтып, құрмет танытты.

— Біз сіздердің Президентті ерекше құрметтейміз және екіжақты қатынасты тұрақты түрде жақсарту жолындағы күш-жігерін жоғары бағалаймыз. Көп жылдық дайындық пен жүздеген миллион доллар көлеміндегі инвестициядан кейін, бүгінде бұрғылау ұңғымалары іске қосылып, «Рожковское» кен орнында газ өндіру жүргізіліп жатқаны — тарихи оқиға деп есептеймін, — деді ол.

Петер Сийяртоның айтуынша, қазір қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік беретін жаңа бағыттар қарастырылып жатыр.

— Біз энергетика саласы бойынша тығыз стратегиялық әріптестікке дайынбыз. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттерге Мажарстанға бақылаушы ретінде бірлескен жұмысқа қатысуға мүмкіндік бергендері үшін алғыс білдіреміз. Біз ұйымның табысты қызметіне үлесімізді қостық және болашақта да осы бағытта жұмыс істей береміз, — деп толықтырды министр.

Бұған дейін Kazinform агенттігі Петер Сийяртоның Қазақстанға жасаған сапары барысында жазып алынған эксклюзивті сұхбатын жариялаған болатын.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Айта кетейік, Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде бірқатар құжат қабылданды

Соңғы жаңалықтар