Мажарстанда сәуірде парламент сайлауы өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Мажарстанда жаңа үкіметті құратын парламент сайлауы 12 сәуірде өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Тамаш Шуйок
Фото: Ақорда

Бұл туралы Мажарстан президенті Тамаш Шуйок мәлімдеді.

— Конституция мен сайлау туралы заңға сәйкес, мен 2026 жылы Мажарстан Ұлттық жиналысының депутаттарын сайлау туралы шешім қабылдадым. Дауыс беру 2026 жылғы 12 сәуір, жексенбі күні өтеді. Демократияның негізгі қағидаларының бірі — еркін сайлау құқығы. Баршаңызды осы құқықты пайдалану үшін шақырамын, — делінген Президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұдан бұрын Қазақстан мен Мажарстан халықаралық деңгейде бірлесе жұмыс істеуге келіскенін жазған едік. 

Сондай-ақ, Қазақстан мен Мажарстан энергетика, атом өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы сияқты түрлі бағыттағы ықпалдастықты арттыруға уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар