Мажарстанда туу көрсеткіші күрт төмендеді
АСТАНА. KAZINFORM — Мажарстанның Орталық статистикалық басқармасының мәліметтеріне сәйкес, биыл сәуір айында елде туу және некелесу көрсеткіштері күрт төмендеген, деп жазады АЗЕРТАДЖ.

Сонымен қатар, өлім саны өткен жылдың осы айымен салыстырғанда аздап қысқарған.
2025 жылдың сәуірінде Мажарстанда 5 323 сәби дүниеге келген, бұл 2024 жылдың сәуірімен салыстырғанда 14 пайызға аз (852 балаға кем). Ал қайтыс болғандар саны — 9 565 адам, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға аз (228 өлімге кем). Соның нәтижесінде табиғи өсім теріс көрсеткішке ие болып, яғни қайтыс болғандар саны туғандар санынан 4 242 адамға көп болды (өткен жылы бұл айырмашылық 3 618 адам болған).
Елдегі некелесу саны да азайды: сәуір айында 3 488 жұп үйленген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,4 пайызға төмен (200 неке аз).
2025 жылдың алғашқы төрт айында Мажарстанда 23 301 сәби дүниеге келді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,7 пайызға аз (2 216 балаға кем).
Айлар бойынша:
-
қаңтарда туу көрсеткіші 4,1 пайызға,
-
ақпанда және наурызда — 8,6 пайызға,
-
сәуірде — 14 пайызға төмендеген.
2025 жылдың алғашқы төрт айында 45 079 адам қайтыс болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 пайызға артық (1 525 өлімге көп).
Ай сайынғы мәліметтерге сай:
-
қаңтарда өлім-жітім 7,8 пайызға артқан,
-
ақпанда — 0,6 пайызға,
-
наурызда — 7 пайызға,
-
ал сәуірде 2,3 пайызға төмендеген.
Мажарстандағы некелесу жағынан:
-
қаңтарда үйлену саны 4,4 пайызға төмендеген,
-
ақпанда — 14 пайызға,
-
наурызда және сәуірде — 3,9 пайызға.
Жалпы, алғашқы төрт айда Мажарстанда 10 101 жұп некеге тұрған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1 пайызға аз (653 неке аз).
Бұдан бұрын Мажарстан ЕО Сотына шағым түсіріп, мигранттарды қабылдаудан бас тартқаны үшін салынған айыппұлды жоюды талап етті.