Мажарстандағы турнирде тағы үш қола медаль түсті

АСТАНА. KAZINFORM - Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде ел құрамасы қоржынына үш қола түсті.

Мажарстандағы турнирде тағы үш қола медаль түсті
Фото: olympic.kz

Ел құрамасынан Ержет Жарылқасын (63 келі), Марлан Мұқашев (55 келі), Әлімхан Сыздықов (130 келі) қола жүлдеге қол созды.

Қазірге дейін әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова (72 келі) күміс алса, Нилуфар Раимова (57 келі), Эльмира Сыздықова (76 келі) мен еркін күрестен Асылжан Есенгелді (61 келі) қола жүлдегер атанған еді.

Аталған жарысқа 14 елден 99 спортшы жиналды.

Айта кетсек, қазақстандық төрешілер 2025 жылғы күрес түрлері бойынша әлем чемпионатында қызмет атқарады.

Біріккен күрес әлемі (UWW) 2025 жылы Хорватияның Загреб қаласында өтетін әлем чемпионатына төрешілерді тағайындады. Дүбірлі дода 13-21 қыркүйек аралығында өтеді.

Ұйым жариялаған тізімге еліміздің атынан екі төреші енді. Алдағы әлем біріншілігінде белдесулерді Игорь Лигай мен Ерік Жұмабеков жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар