Мәжіліс 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебі мен Есеп комитетінің қорытындысын мақұлдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қорытындысын талқылап, мақұлдады.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, 2015 жылы республикалық бюджеттің кірістері 6 137 миллиард теңгеге, немесе жоспардағыдан 105,7 пайызға жетті. Шығыстар 163 миллиард теңге болып, жоспардың 99,8 пайызын құрады. Үкімет үшін әлеуметтік сала басымдыққа ие болып табылады. Қаржы министрлігінің мәліметтері бойынша өткен жылы республикалық бюджеттің дефицитінің төмендеуі байқалды, ол 912 миллиард теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 2,2 пайызын құрады. Дефицит ішкі және сыртқы қарыз алу есебінен қаржыландырылды.

«Біріншіден, кіріс бөлігі нақтыланған жоспармен салыстырғанда 105,7 пайызға орындалды. Біз салықтық резервтер, көрсетілетін қызметтер мен тексерулердің сапасын арттыру, кірістерді болжауды жетілдіру мен жалған кәсіпкерліктің алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Екіншіден, шығыстар 99,8%-ке орындалды. 2015 жылы 7 триллиондық бюджеттен 16 млрд. теңге ғана орындалмады, оның ішінде игерілмей қалғаны тек 7,8 млрд. теңге. Бұл жоғары деңгейіндегі нәтиже деуге болады және бірлескен еңбектің қортындысы», - деп атап өтті министр Б. Сұлтанов.

Ал  Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мәліметіне қарағанда, республикалық бюджеттің игерілмеген қаржысы 7,8 миллиард теңгені құрайды. Артық қарыз алудан 2015 жылдың соңында 264,4 милиард теңге бюджет қаржысының қалдықтары қалыптасып, бұл 2014 жылғы көлемнен  елеулі түрде артқан. Есеп комитетінің бағалауы бойынша, бюджет қаржысының тиімсіз пайдаланылған қаржысы 459,2 миллиард теңгені құрады. Мемлекеттік органдарда және олардың мекемелерінде 474,6 миллиард теңге қаржы тәртіп бұзушылықтары анықталды, оның ішінде 2015 жылғы республикалық бюджет қаржысы 142,3 миллиард теңге болды. Мақсатты трансферттер бойынша қаржы тәртіп бұзушылықтары 410,5 миллиард теңге болды, оның 97 пайызы немесе 399,4 млрд теңгесі дамуға арналған мақсатты трансферт қаржысы болып отыр.

Соңғы жаңалықтар