Мәжіліс ақша белгілерін қолдан жасауға қарсы күрес жөніндегі халықаралық конвенцияны мақұлдады
Енді құжат Сенаттың қааруына жіберіледі.
Аталған конвенция ақша белгілерін қолдан жасауға қарсы күрес саласында негізге алынатын халықаралық акті болып табылады. Конвенцияға көптеген мемлекеттер қатысушы болып отыр. Атап айтқанда, олардың арасында Австрия, АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Франция, Люксембург, Қытай, Жапония, Ресей және тағы басқа да мемлекеттер бар.
Құжатта қатысушы мемлекеттердің ақша белгілерін қолдан жасауға қарсы күрес саласында құқықтық көмек көрсету көзделген. Бұл ретте шетелде жасырынып жүрген жалған ақша дайындаушылар мен өткізушілерді іздестіру және ұстап беруге шаралары қарастырылады.
Сондықтан да, Қазақстанның Конвенцияға қосылуы құқық қорғау органдарына шетелде қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген адамдарды іздестіруде, ұстап беруде өз мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды.
Конвенция және оның Хаттамасы 1929 жылғы сәуірдің 20-сында Женева қаласында жасалған.