Мәжіліс арнайы қорғау және демпинге қарсы шаралар туралы заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Үшiншi елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» заң жобасы екiншi оқылымда мақұлданды.
None
None

Аталған құжат ұлттық заңнама нормаларын Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыратын, қол қойылған және ратификацияланған халықаралық келiсiмдермен және Дүниежүзілік сауда ұйымының келiсiмдерiмен сәйкестендiру мақсатында әзiрленген. Тоқтала кететін жайт, Қазақстанның қолданыстағы заңнама нормалары тұтастай алғанда қабылданған халықаралық тәжірибеге сай келеді. Алайда Кедендік одақ жағдайында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тұжырымдамасы да өзгеріске ұшыраған.

Осыған орай, заң жобасында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолданудың жалпы қағидаттары қамтылып отыр. Бұдан бөлек, құжат құқықтық олқылықтарды жою мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара iс-қимыл жасауға уәкiлетті мемлекеттiк органның басқа мемлекеттiк органдардан алынған құпия ақпаратты мемлекетүстілік органмен және халықаралық ұйымдармен алмасу немесе беру мәселесiн реттеу жолдары ұсынылған. Бұл ретте «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» кодексiне арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын төлеуден босату үшiн немесе олардың мөлшерiн азайту үшiн негiз болатын дұрыс емес мәлiметтердi мәлiмдегенi үшiн, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын төлеу мерзiмiн бұзғаны үшiн жауаптылықты анықтау бөлiгiнде толықтыру енгiзу ұсынылуда.

Тұтастай алғанда, құжатты қабылдау арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану саласында Кеден одағын қалыптастыру шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындауға, ұлттық заңнама нормаларын ДСҰ келісімдеріне және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартпен сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.

Мәжіліс мақұлдаған құжат Парламент Сенатына жолданады.

Соңғы жаңалықтар