Мәжіліс атқарушылық іс жүргізу органдарының қызметіне арналған жобаны мақұлдады

аусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.
None
None

Аталған заң жобасы ҚР Президентінің 2009 жылғы сәуірдің 22-сіндегі «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Жарлығын орындау мақсатында әзірленген. Бұл ретте құжат бойынша сот шешімдерін орындау тәртібін бұзумен, сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі жасаумен және сотты құрметтемеушілік көрінісімен байланысты қылмыстық істерді тергеу жөніндегі өкілеттіктер Ішкі істер министрлігінен ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің қарамағына беру көзделеді. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық іс жүргізу және Әкімшілік кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Сарапшылардың пікірінше, Ішкі істер министрлігі органдарының тергеу бөлімшелері жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ауқымдылығына байланысты аталған санаттағы қылмыстарды сапалы тергеуге мүмкіндігі болмай жатады. Бұдан басқа, министрлік мұндай құқық бұзушылықтарға мемлекет тарапынан әсерлі нәтижелерді қамтамасыз ете алмайды. Сонымен бірге, атқарушы органның ерекшеліктерінен толық хабардар болмауы ішкі істер органдарының жұмысына кері әсерін тигізіп отыр.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар