Мәжіліс бірқатар депутаттар бастама жасаған сот-сараптама қызметін жетілдіруге бағытталған заң жобасын өндіріске алды

АСТАНА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ҚР Парламенті Мәжілісінің бүгінгі жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын өндіріске алды. Аталған құжатқа Мәжіліс депутаттары Светлана Бычкова, Жақып Асанов және Николай Турецкий бастамашылық жасаған болатын,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Заң жобасы сот-сараптама қызметі туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленген. Осыған орай, халық қалаулылары бастамашылық жасаған құжат бойынша Қылмыстық-іс жүргізу, Азаматтық іс жүргізу, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге, сондай-ақ «Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы», «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» және «Лицензиялау туралы» заңдарға түзетулер енгізу көзделеді. Атап айтқанда, заң жобасымен сараптама ісін жүргізуге қатысушы сарапшының, сот сараптамасы органы басшысының және үдеріске өзге де қатысушылардың іс жүргізу құқықтары және міндеттері нақтыланады. Сонымен бірге, сарапшыларды аластату жағдайлары, сараптаманың әртүрлі түрлерін жүргізу шарттары, дәлелдеуде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану мәселелері айқындалатын болады. Бұдан басқа, «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» және «Лицензиялау туралы» заңдарға енгізуге көзделетін толықтырулар, негізінен сот медицинасы саласына маманданған сарапшыларды лицензиялауға қатысты орын алған қайшылықтарды жою ниетінен туындап отыр. Атап айтқанда, «Лицензиялау туралы» заңның нормасына сай, олар айналысу үшін лицензия талап етілетін медициналық, дәрігерлік қызметке кіретіндіктен наркологиялық, сот-наркологиялық, психиатриялық және сот-психиатриялық сараптама лицензиялауға жатады. Бұл ретте осы заңмен аталған сараптамаларды жүзеге асыруға жеке адамдарға лицензия беруде шектеу көзделмеген. Сонымен бірге «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңда сот-медицина, және сот-психиатрия және сот-наркология сараптамасын жүргізуге жеке адамдарға лицензия беру көзделмейді. Сонымен қатар бастамашыл депутаттар сот сараптамасы мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамалық актілердегі жекелеген нормалар арасындағы қайшылық және редакциялық сипаттағы дәлсіздіктерді жоюды қарастырып отыр.
Соңғы жаңалықтар