Мәжіліс Бюросы жалпы отырыстың күн тәртібін белгіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінде Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бюро ұсынысы бойынша халық қалаулылары назарына бірқатар ратификациялық заң жобаларын қарау ұсынылып отыр. Атап айтқанда, олар ЕАЭО құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарға түзетулер, сонымен қатар Италиямен адамдарды ұстап беру және Италиямен, Румыниямен, Болгариямен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарттарды ратификациялауға қатысты болмақ.

Сонымен қатар бейінді комитеттерге «2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасына қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалатын болады.

Соңғы жаңалықтар