Мәжіліс денсаулық сақтау министрі лауазымына Алексей Цойдың кандидатурасын мақұлдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындау үшін Алексей Цойдың кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындау үшін Алексей Владимирович Цойдың кандидатурасын ұсынылуы мүмкін екендігі туралы қорытынды қабылдады.


Соңғы жаңалықтар