Мәжіліс депутаттары «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын қабылдады

ТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қабылдады.
None
None

Отырыс барысында аталмыш құжатқа байланысты баяндама жасаған Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Сансызбай Есіловтің айтуынша, Парламент Сенаты аталмыш құжатқа 64 түзету енгізген. «Оның ішінде 30 түзету, 2012 жылға арналған бюджеттің жалпы сомасы 25 миллиард 547 миллион 20 мың теңге болатын шығыс бөлігін қайта бөлуді болжамдайды», - деді депутат.

Сондай-ақ 34 түзету Экономикалық даму және сауда, Ауыл шаруашылығы, Төтенше жағдайлар, Мәдениет, Денсаулық сақтау, Қоршаған ортаны қорғау министрліктерімен Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық агенттігі бойынша бөлінген қаражатты қайта бөлумен байланысты болып отыр. Отырыс барысында құжатты депутаттар бірауыздан қолдады.

Соңғы жаңалықтар