Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда Бюджеттік кодекстің жаңа жобасын қарайды

деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
«Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне бюджетті жоспарлау және оның атқарылу процесін жетілдірудің кейбір мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда қарауды ұсынды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Әлеуметтік-мәдени даму, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің баяндамалары бойынша, күн тәртібі жобасына әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша (бірінші оқылым), заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша (екінші оқылым) тиісті өзгерістер енгізу ұсынылды.
Ал, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің ұсынысымен «Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері өкілдіктерінің қызметі мәселелері бойынша кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы депутаттар талқысына түседі.
Сонымен бірге, Палата Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеудің уақытын белгілейтін болады.