Мәжіліс депутаттары бірқатар халықаралық парламенттік шараларға қатысады

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің депутаттары наурыз айында бірқатар халықаралық парламенттік шараларға қатысатын болады.
None
None

Бұл туралы палатаның баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, наурыздың алғашқы онкүндігінде Парламент Мәжілісінің депутаты Надежда Петухова Вена қаласында (Австрия Республикасында) Орталық Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі дерттерге қатысты өтетін халықаралық семинарға барады. Осы аралықта Мәжіліс депутаттары Серікбай Нұрғисаев пен Ізбақ Өмірзақов Вашингтон қаласында өтетін Энергетикалық Кеңестің отырысына қатысуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, наурыз айының екінші онкүндігінде Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Еуропалық одақ өкілдігінің Қазақстандағы басшысы А.Бушезбен кездесуі күтілуде. Ал осы онкүндік барысында Мәжіліс депутаттары Елена Тарасенко (Грузия, Тбилиси қ.) Біріккен Ұлттар Ұйымының Әйелдер ісі өткізетін конференция жұмысына, Меруерт Қазбекова (Ресей, Новосібір қ.) Бәсекелестік туралы заңның моделдік жобасының талқылауына қатысады.

Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Қабиолла Жақыпов Ашхабад қаласында өтетін Наурыз мерекесін тойлау шараларына қатысуды жоспарлап отыр. Ал Мәжіліс депутаты Алмас Тұртаев (РФ. Санкт-Петербор қ.) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жастар Парламенттік ассамблеясының отырысына қатысады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар