Мәжіліс депутаттары халықаралық шараларға қатысады

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Респуликасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары  әлем елдерінде өтіп жатқан түрлі халықаралық шараларға қатысады деп күтілуде.
None
None

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, 2012 жылғы 6-14 мамыр аралығында Қазақстан Респуликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Андрей Бегенеев Мюнхен қаласына (Германия Федеративтік Республикасы) Халықаралық мамандандырылған «IFAT ENTSORGA-2012» көрмесіне қатысады. Көрмеге сумен жабдықтау саласының жаңа жетістіктері қойылады. Ал 9-14 мамыр күндері Қазақстан Респуликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев  Батуми қаласына (Грузия) Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Көктемгі экономикалық конференциясының жұмысына қатысуды жоспарлап отыр. Аталмыш конференция «ЕҚЫҰ аймақтарындағы экономикалық ынтымақтастық пен тұрақтылықты дамытуды ынталандыру» тақырыбына арналады.

Бұдан бөлек, 21-26 мамырда Қазақстан Респуликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев  Братислава  қаласында (Словак Республикасы) запастағы офицерлердің Халықаралық консультативтік Кеңесі ұйымының екінші отырысына барады. Ал 23-28 мамыр аралығында Қазақстан Респуликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты  Оразкүл Асанғазы Еуропа қазақтарының кіші Құрылтайына  қатысу үшін Орхус қаласына (Дания Корольдігі) іссапарда болады. 27 мамыр мен 1 маусым күндері Қазақстан Респуликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова Брюссель қаласына (Бельгия Корольдігі) Еуразия мемлекеттерінің фискалдық сарапшылар семинарының жұмысына қатысуға баратын болады.  Аталған шара салық пен инвестицияға арналған Халықаралық орталықта өтеді.

Соңғы жаңалықтар