Мәжіліс депутаттары - Хельсинкиде: ЕҚЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2008 жылы Финляндияның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезеңінде екі ел арасында тиімді өзара байланыс орнатылған болатын, бәрінен бұрын соның шеңберінде Финляндияның жаңа саяси алаңы - «Квинтета» құрылды, содан кейін Қазақстанға ЕҚЫҰ-ның сол кездегі Төрағасы есебінде Сыртқы істер министрі Александер Стубб ресми сапар жасады.
ЕҚЫҰ-ның сол кездегі Төрағасының жеке өкілі, 2010 жылғы Финляндия Парламентінің депутаты Киммо Кильюнен сайлаудағы бақылаушы жұмысына белсене араласты. Украинадағы президенттік сайлауға да бақылаушы болып қатысты.
Финляндияның Сыртқы істер министрлігі қазақстандық дипломаттардың тәжірибе алмасуын ұйымдастыруының арқасында Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудің мән-жайын финдердің тәжірибесінен тыңғылықты үйреніп алды, енді оны тиімді пайдаланып отыр.
2009 жылы қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде екі елдің сыртқы саясаттағы ведомстволарының кездесуі барысында және 2009 жылғы қыркүйекте Афинадағы ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің саммитінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің басымдықтары талқыланған болатын.
Айта кету керек,2009 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте 64-ші БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде Солтүстік Еуропа, Балтық және Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлерінің кездесуі болды. Оны Александер Стубб 2010 жылғы ЕҚЫҰ Саммитінің маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев пен Финляндияның Сыртқы істер министрі Александер Стуббтың кездесуі болды. Оның басты тақырыбы 2010 жылғы ЕҚЫҰ Саммитін өткізу бастамасын Қазақстанға беру мен Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің басымдықтары болды.
Қазақстан жағы ЕҚЫҰ Саммитін биылғы жылдың күзінде өткізуді жоспарлап отыр.