Мәжіліс депутаттары Хельсинкиде фин тәжірибесін тиімді пайдалану жөніндегі мәселелерді сөз етті

СТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған қазақстандық депутаттар Финляндияның Сыртқы сауда және даму министрі Пааво Вяюрюненмен кездесті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутаттар Финляндия астанасының қалалық Ратушасында болды, ол жерде депутаттарды Хельсинки қаласының муниципалдық үкіметінің басшысы Ристо Раутава күтіп алды. Сондай-ақ 1 маусым күні Премьер-министр Матти Ванханенмен кездесті және Парламенттің жалпы сессиясына қатысты. Онда Қазақстан делегациясы ресми түрде фин парламентшілеріне таныстырылды. Осы күні Білім министрі Хенна Вирккуненмен жүздесті.

Қазақстан мен Финляндия қарым-қатынасына келсек, дипломатиялық байланыс орнатқан кезден бастап, Қазақстан-Финляндия қарым-қатынасы едәуір дами түсті. Өйткені халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша екі елдің ұстанымдары жақын, әрі ұқсас екені анық.

2009-2011 жылдарды қамтитын «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында Қазақстан үшін Финляндияның да рөлі айтарлықтай.

Финляндия - сыртқы саясаттағы табысты бітімгершілік қызметінің арқасында ғана емес, әлеуметтік салаға бағытталған алдыңғы қатарлы экономикасы бар, ұлттық тепе-теңдігі сақталған, сыбайлас жемқорлық мүлдем жоқ, жылдар бойы жиналған дәстүрлі келісімге негізделген мықты да тұрақты саяси жүйесі қалыптасқан, халықаралық деңгейде үлкен беделге ие болған мемлекет.

Біз үшін IT саласы бойынша әлемнің көш басында тұрған Финляндияның инновациялық-технологиялық тәжірибесі ерекше маңызға ие болып отыр. Технологиялық нарықтағы фин мемлекетінің рөлі, тиімді инновациялық стратегиясы, ғылыми және іскерлік ортаның ынтымақтастық жүйесі, финдік технологиялық парктер мен кластерлер қызметі үлкен мағынағы ие.

Екі жақты ынтымақтастыққа өткен жылы наурыз айындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Финляндия Республикасына мемлекеттік сапары елеулі серпін берді.

Екі мемлекеттің басшылары әлі байланысымыз толық жолға қойылмай келе жатқан салаларда, атап айтқанда, Финляндияның әлемде жетекші орындарды иеленетін экология, ауыл шаруашылық, құрылыс, инновациялық технологиялар, ғылым және білім тәрізді салаларында екіжақты өзара қатынас аясын кеңейту ниеттерін білдірді.

Енді Қазақстанға Финляндияның Президенті Тарьи Халоненнің іссапары болады деп күтілуде. Айта кету керек, фин жағы Президент Т. Халоненнің Қазақстанға сапары 2011 жылы жасалады деп ұсыныс білдірді.

2011 жылы Қазақстанның Финляндиядағы Елшілігін ашудың жолдары қарастырылуда.

Қазақстан Президентінің Финляндия Республикасына сапары кезінде қол жеткізілген келісімдердің дами түсуіне наурыз айындағы Сыртқы сауда және даму министрі Пааво Вяюрюненнің ресми сапары өз ықпалын тигізді.

Астанада Финляндияның Елшілігі ашылды. Бұл жерде әлемдік қаржы дағдарысының қиындығына, экономиканың қатаң талаптарына қарамай, Президент Тарьи Халоненнің Елшілікті ашу жөніндегі шешімін айрықша айта кеткен жөн. Олардың тұңғыш Елшісі Микко Киннунен 2009 жылдың қарашасында өз жұмысына белсене кірісті. Елшіліктің ашылу салтанаты Сыртқы сауда және даму министрі Пааво Вяюрюнен іссапарымен сәйкес келді.

Екіншіден, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Президент Тарьи Халоненге Финляндияның Қазақстандағы экономика күндерін ұйымдастыру жөнінде ұсыныс жасады. Министр Пааво Вяюрюненнің сол сапарында финнің 46 жетекші компаниясынан жасақталған кәсіпкерлердің үлкен тобы бірге келіп, Астана мен Алматыда фин тәжірибесін пайдаланудың тиімділігі мен бірлескен өндіріс орындарын құру жағдайын талқылаған екі үлкен бизнес-форум өткізді.

Осы орайда Қазақстан депутаттары финнің «SITRA» инвестициялық қорында болды, сондай-ақ ағаштан үй жасайтын «Honkarakenne Ltd» АҚ-ына барды, сондай-ақ «Nokia» концернінің бас кеңсесінде болды және «TeliaSonera Ltd» АҚ-ның қызметімен танысты.

Соңғы жаңалықтар