17:27, 03 Ақпан 2009 | GMT +5
Мәжіліс депутаттары мен Чех елшісі екі ел арасындағы байланысты дамыту жөнінде пікір алмасты
АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Чех Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Берджих Копецки Мәжіліс үйіне келіп, бір топ депутаттармен жүздесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Виктор Рогалев өз сөзінде Қазақстан мен Чехия арасындағы ынтымақтастық байланысты жан-жақты дамыту жөнінде айтып өтті. Чех елшісі 2009 жылы Қазақстан үшін маңызды істер атқарылатынын, Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне байланысты дайындық жұмыстары жүргізілетінін тілге тиек ете келіп, елімізге және парламентшілерге тілектестігін жеткізді.Тараптар елдер арасындағы саяси ортақ көзқарастардың арқасында қол жеткізілген келісімдердің нәтижесінде жүзеге асырылатын сауда-экономикалық байланысты дамыту арқылы әлемдік қаржы дағдарысына қарсы тұруға болатындығын айтты. Кездесуде парламентшілердің іс-тәжірибе алмасу барысын жандандыру мәселелері сөз болды.Кездесуге Қазақстан-Чех достық тобының мүшелері Дауылбай Құсайынов, Асхат Бекенов, Людмила Хочиева, Валерий Котович, Қылышбай Бисеновтер қатысып, достық қарым-қатынас туралы ой-пікірлерін ортаға салды.