Мәжіліс депутаттары Рудныйдағы цифрлық емхананың жұмысымен танысты

Кеше халық қалаулылары облыстық мәслихат депутаттарымен және «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен кездесіп, сапар мақсаты туралы баян еткен-ді. Бүгін Мәжіліс депутаттары - Глеб Шегельский, Құралай Қаракен, Арман Қожахметов, Ольга Шишигина, Снежанна Имашевалар Рудный қаласына барды. Олар алдымен«Желқуар» ЖШС диагностикалық орталығының жұмысымен танысты.
Бұл емдеу мекемесі тұрғындарға медициналық және стоматологиялық қызмет түрлерін көрсетеді. Әзірге, бұл - қаладағы жалғыз цифрлық емхана. Халықты тіркеу бойынша жұмыс оңтайландырылып, уақыт үнемдеп, диагностика шаралары цифрлы форматта ұсынылады. Бір кезекте емхана 200-ге жуық тұрғынды қабылдай алады.
Бұдан кейін депутаттар Рудный цемент зауытына бас сұқты. Аталмыш зауыттың қуаттылығы - жылына 500 мың тонна өнім. Халық қалаулылары еңбек ұжымымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.
Жұмыс сапары соңында зауыт цехтарын аралап, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысына оң баға берді.