Мәжіліс депутаттары Санкт-Петерборда өтетін ЕурАзЭҚ ПАА-ның жиынына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов бастаған депутаттар қараша айының 27-28 аралығында Санкт-Петербор қаласында өтетін ТМД, ЕурАзЭҚ және ҰҚШҰ парламенттік ассамблеялары іс-шараларына қатысады. Бұл туралы Мәжілісітің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Онда ЕурАзЭҚ ПАА-ның соңғы жиыны өтіп, Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыпов ЕурАзЭҚ ПАА-ның қазіргі төрағасы ретінде ұйымның құрылғаннан бергі жұмысына қорытынды жасайды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ТМД парламентшілері өзара ақпараттық іс-қимыл, жергілікті өзін өзі басқару, экономика салаларында үлгілік заңнамаларға қатысты ауқымды сұрақтарды қарастырады және ҰҚШҰ ПА қызметінің 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу мәселелері талқыланады. Ал, мәжілісімендер делегациясының жұмыс жоспары барысында Палата төрағасы Қабиболла Жақыповтың ТМД елдерінен келген әріптестерімен бірқатар екіжақты кездесулері көзделген. Сонымен бірге, ТМД қатысушы-мемлекеттер мәдени күндері аясында Қазақстан өнер шеберлерінің концерті өтеді. Таврический сарайы - ТМД ПА штаб-пәтерінде өтетін шараны Қазақстан Парламенті ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар