Мәжіліс депутаттары сайлауын байқауды үш халықаралық ұйымның миссиясы жүзеге асырады - Т.Охлопкова

«Сайлауды байқау сайлауға деген ұлттық және халықаралық сенімді нығайтуға ықпал ететінін ескере келе Қазақстан өз міндеттерін орындай отырып, 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға байқаушылар институтын ашты», - деп атап өтті ол.
Т.Охлопкованың айтуынша, «Сайлау туралы» Заңға сәйкес халықаралық байқаушылар Сыртқы істер министрінің немесе ҚР ОСК төрағасының ресми шақыруы бойынша, сондай-ақ Ортсайлауком берген халықаралық байқаушының аккредиттелгені туралы куәлік болған кезде сайлауды байқауды жүзеге асырады. Шетелдік БАҚ өкілдері ҚР СІМ-нің акредиттеу туралы куәлігі болған кезде байқауды жүзеге асыра алады. Халықаралық байқаушылардың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету оларды жіберген шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымдардың қаражаты есебінен немесе байқаушының жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Аталған ереже халықаралық құжаттарда көрсетілген.
«Қазақстанда 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды байқауды үш халықаралық ұйымның миссиясы, атап айтқанда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы,
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиялары жүзеге асырады. Сайлауды байқау жөніндегі Миссия - ДИАҚБ қызметінің неғұрлым ауқымды нысаны. Оның құрамына сарапшылардың негізгі тобы, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді байқаушылар кіреді. Миссияның құрамында сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясының, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының, Еуропалық Парламенттің және басқа да парламенттік ұйымдардың делегациялары болуы мүмкін», - деді ОСК мүшесі.