Мәжіліс депутаттары ШҚО-да сайлаушылармен кездесулер өткізді (ФОТО)

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының мүшелері, Парламент Мәжілісінің депутаттары жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысында болды.
None
None

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өткен сайлаушылармен кездесуге әділет өкілдері, заңгерлер, нотариустар және ауған соғысының ардагерлері қатысты.

Депутаттар Бақытжан Ертаев пен Евгений Козлов сот жүйесіндегі өзгерістерге көңіл бөлді. Жиынға қатысушыларды жеке сот орындаушыларының жұмысы мен олардың жұмысын бақылау мәселелері қызықтырды.

Мәжіліс депутаты Евгений Козлов сот орындаушыларының ақпараттар базасының жұмысы бойынша ұсыныстар жасалғанын, ол ҚР Әділет министрлігіне бағынатынын айтты. Жеке сот орындаушысының өкілдігін беруді өкілетті орган жеке сот орындаушыларының республикалық коллегиясымен бірлесіп лицензиясы бар тұлғалар арасындағы конкурс негізінде жүзеге асырады.

«Нұр Отан» партиясынан хабарлағандай, Евгений Козлов өз проблемаларын айтқан сайлаушылармен кездесті.

Бұл күні Бақытжан Ертаев Аягөз ауданындағы жаңадан салынып жатқан ет комбинаты құрылысының жұмысымен танысты. Комбинат қуаттылығы ауысымына 3 тонна етті құрайды. Оны ағымдағы жылдың тамыз айында ашу көзделген.

Аягөз ауданындағы сайлаушылармен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов кездесті. Аудан тұрғындары өз проблемаларын айтты.

Мәжілісмен Н.Сабильянов теміржол депосында да болып, жұмыс барысымен танысты, еңбеккерлермен кездесті.

Соңғы жаңалықтар