Мәжіліс депутаттары жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасын жұртшылыққа түсіндірді

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Елбасы «Қазақстан - 2050 Стратегиясында» азаматтарды мемлекеттік шешім қабылдау және оларды жүзеге асыру үрдісіне қатыстыруға, сондай-ақ жергілікті маңызды мәселелерді өз бетінше шешу мәселелеріне ерекше назар аударғаны белгілі. Осы мақсатта, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелеріне арналған заң жобаларын түсіндіру мақсатында Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» ХДП фракциясы мүшелері Жексенбай Дүйсебаев және Майра Айсина Ақмола облысында халықпен кездесті.
None
None

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Іс-сапар барысында депутаттар Ақмола облысының Бурабай және Қорғалжын аудандарында болып заң жобаларында көзделіп отырған, яғни халықтың жергілікті қоғамдастық жиыны мен жиналысы арқылы жергілікті маңызы бар шараларды шешудегі рөлін арттыруға бағытталған мәселелерді талқыға салды. Тоқтала кететін жайт, жаңа заң жобасында аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, кент, ауыл әкімдерін мәслихаттардың сайлауы арқылы олардың сайланбалығын енгізу, жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде төменгі деңгейдегі әкімдердің қаржылық дербестігін кеңейту шаралары қамтылған болатын.

Жүздесуде депутаттар ауыл жұртшылығы тарапынан көтерілген мәселелер бойынша жауап берді.

Соңғы жаңалықтар