Мәжіліс депутаты Абай ауылының тұрғындарымен пікір алмасты

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты - «Нұр Отан» ХДП Фракциясы мүшесі Ұласбек Сәдібековтың Оңтүстік Қазақстан облысындағы сайлаушылармен кездесу жиыны Сарыағаш ауданындағы Абай ауылында жалғасын тапты.
None
None

Жиында Мәжіліс депутаты Елбасы Жолдауы аясында атқарылатын негізгі жұмыс бағыттарына кеңінен тоқталып, ауыл шаруашылығын дамытудың жолдарын, алдағы уақытта мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін іс-шаралардың қандай түрлері бар екенін түсіндіріп өтті.

Жиын барысында жарыссөзге шығып, сөз сөйлеушілер есепті баяндамада айтылған жұмыстарға өздерінің оң бағаларын беріп, Елбасы Жолдауын бірлесіп ел болып жүзеге асыруға халықты шақырды.

Ақтөбе ауыл округінің төбе биі Еген Рабилов елді және өңірді дамыту туралы айта келіп, Мемлекет басшысының атына алғысын жеткізді. Сондай-ақ парламентшілердің әрқашанда халықпен етене қатынаста жүретінін, әрдайым ел жағдайына баса назар аударатынын алға тартып, өз ризашылығын білдірді.

Ақын, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Кендебай Мұртазаев арнау жырын оқып берді, халықпен кездесуге келген парламентшіге ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар