Мәжіліс депутаты Азат Сембиновтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Азат Сембиновтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, Мәжіліс депутаты Азат Сембинов міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берген.

«Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға заңнамаға сәйкес, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Сембиновтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», - деді А. Смағұлов.

Палата депутаттары бұл ұсынымға қолдау білдірді.

Жалпы отырыста А. Сембиновке Мәжіліс атынан «Алғыс хат» табысталды.

Айта кетейік, Азат Талғатұлы 2021 жылдың 15 қаңтарынан Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2019 жылдың «Қазақстанның 100 жаңа есімі» конкурсының жеңімпазы.


Фото: parlam.kz
Соңғы жаңалықтар