Мәжіліс депутаты «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына бөлінген қаржының дұрыс игерілмеуіне алаңдаушылық білдірді

АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Өткен жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына бөлінген 13,8 млрд. теңгенің тек 47,1 пайызы ғана игерілген.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада «Нұр Отан» ХДП жанындағы Мемлекеттік қаражаттың пайдаланылуын бақылау жөніндегі комиссияның отырысы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Құттықожа Ыдырысов айтты.

Оның атап өтуінше, аталған бағдарлама аясында берілген несиенің 50 пайызын мемлекет субсидиялауы керек. Қазіргі уақытта бұл қаражат 100 пайыз аударылғанымен жергілікті атқарушы органдар оны өз деңгейінде игермей отыр. «Бөлінген қаржының игерілгені 6,6 миллиард теңге. Ал екі бағдарлама бойынша бөлінген қаржы 13,8 млрд. теңге болатын», - деді депутат.

Оның айтуынша, бірінші бағыт бойынша бөлінген 9 млрд. қаржының 39,1, ал екінші бағыт бойынша 4,8 млрд. теңгенің 65 пайызы ғана игерілген.

ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі Марат Құсайыновтың уәжінше, бағдарлама өткен жылы ілкі жоба ретінде жүзеге асырылған. Сонымен қатар аталған бағыттар бойынша оң шешімге ие болған бірқатар кәсіпкерлер қажетті құжаттарын дер уақытында тапсырмай отырған көрінеді.

Соңғы жаңалықтар