Мәжіліс депутаты мұғалімдерге психологиялық қызмет көрсетуді ұсынды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мұғалімнің бойында эмоционалды интеллектіні дамытуға көп күш салу қажет. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Метептің мақсаты – баланы тек оқыту ғана емес, қазіргі заманда өз орнын тауып, бәсекелестікте өмір сүре алатын, елінің болашағына сеніммен еңбек ететін, қандай да бір қиындықтарға төзімді тұлға ретінде өсіру. Осы ретте әлеуметтік желідегі кибербуллингті реттеу – біздің депутаттық корпустың алдындағы міндет деп білеміз», - деді Мәжіліс депутаты республикалық тамыз конференциясы барысында.

Сонымен қатар, ол мектептегі мұғалімнің біліктілігін ұдайы көтеру және мұғалімнің шығармашылығына жағдай жасау – басты міндет екендігін баса айтты.

«Менің ойымша, пәндік құзіреттіліктермен қатар, мұғалімнің бойында эмоционалды интеллектіні дамытуға көп күш салуымыз қажет. Осы ретте біздің балаларымызға жалпы психологиялық қызмет енгізілген болатын. Мүмкін мұғалімдерге де психологиялық қызмет енгізуді қарастыруымыз қажет деген ойдамын», - деді Жұлдыз Сүлейменова.


Соңғы жаңалықтар
telegram