Мәжіліс депутаты «Нұр Отан» ХДП-ы филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды өз өтініштері бойынша қабылдады

СЕМЕЙ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласындағы «Нұр Отан» ХДП филиалының қоғамдық қабылдауында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Әпсалямов азаматтарды өз өтініштері бойынша қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осы қабылдауға партияның аймақтағы филиалы жетекшісінің бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдинова, мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері жөніндегі орталығының, қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, прокуратураның, Семей қалалық ішкі істер басқармасының, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері және жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері қатысты.Әр түрлі мәселелері бойынша 32 адам Парламент депутатының қабылдауында болды. Оның ішінде зейнетақы, сот ісіне қатысты шағым, жер және еңбек қатынастары, құқық қорғау органдарының қызметіне шағымдану, тұрғын үй мәселелері жиі көтерілді. Сонымен қатар тұрғындар мүгедектерді әлеуметтік қорғау, дәрі-дәрмек бағасы, еңбекке орналасу, азаматтық алу жөнінде білгісі келетіндерін мәлім етті. Шығармашылық ұжымға демеуші іздегендер де болды. Енді бір адам жоғалып кеткен баланы іздестіруге көмектесуін өтінді.Біраз арыз-шағымдар қабылдауға қатысып отырған қалалық құрылымдардың өкілдеріне берілді. Бірқатар маңызды сұрақтар бойынша депутат республикалық мемлекеттік органдарға сауал жолдайтыны жөнінде уәде етті.
Соңғы жаңалықтар