Мәжіліс депутаты С.Ферхо Шығыс Қазақстан облысының бірқатар нысандарында болды

Мәжіліс депутаты Зырян аудандық мәслихатының депутаттарымен кездесті, «Нұр Отан» ХДП-ның филиалында азаматтарды қабылдауды өткізді. Содан кейін С.Ферхо №10 кәсіби мектебінде болды, мұндағы әңгіме «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы болды. Зыряндағы балабақша құрылысының барысымен және қалалық перзентхана жұмысымен танысты. Зубов ауылында жұртшылықпен кездесу мектепте өтті. С.Ферхо сондай-ақ Глубокое, Прапорщиково кенттерінде болды.
Енді С.Ферхо тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтуі тиіс Семей қаласына баруды жоспарлап отыр. Бұдан басқа, депутат Семейдің онкологиялық орталығына баруға ниеттенуде.
Өскеменде депутаттың қатысуымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша «дөңгелек үстел», сондай-ақ С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің студенттерімен кездесу болып өтеді.
Депутат бағдарына Шемонаиха ауданы мен Риддер қаласы кіреді, мұнда жас мамандармен, «Светоч» балалар үйінің ұжымымен, сондай-ақ шағын және орта бизнес жұмысшыларымен кездесу көзделіп отыр.
Сәуір айының 5-нен 14-не дейінгі сапарын С.Ферхо «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалына өтетін жиналысқа қатысумен аяқтауды жоспарлауда, мұнда оның Мемлекет басшысының Қазақстан халқына қаңтардағы Жолдауын түсіндіруге арналған сайлаушылармен кездесуі өтеді және бесінші шақырылымдағы Мәжілісінің жұмысы туралы баяндайды.