Мәжіліс депутаты Шығыс Қазақстан облысында сайлаушылармен жүздесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайлаушылармен жоспарланған кездесу аясында Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Әсима Бимендина Шығыс Қазақстан облысында тұрғындармен жүздесті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Атап айтқанда, депутат Өскемен қаласындағы тамыз кеңесі аясында білім беру қызметкерлерімен кездесті. Сонымен қатар, шара барысында депутат «Білім берудегі инновациялық стратегия мемлекеттің, қоғам мен тұлғаның орнықты дамуының факторы» тақырыбында баяндама жасады.

Бұдан бөлек, депутат Ә. Бимендина Глубокое ауданында облыс әкімі Б. Сапарбаевпен бірге жаңадан салынған орталық аудандық аурухананың ашылуына қатысты. Халық игілігіне арналған ғимарат заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Соңғы жаңалықтар