Мәжіліс депутатымен кездесуде атыраулықтар жанармай бағасына қатысты мәселені көтерді

АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,  «Нұр Отан» ХДП мүшесі Асхат Бекенов Атырау қаласының теміржолшыларымен және «ҚазТрансОйл» компаниясының еңбек ұжымымен кездесті.
None
None

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Сайлаушылармен жүздесу барысында жанар-жағармай материалдары мен электроэнергияның және газдың бағасы,  Жайық өзенінің тартылып бара жатқаны мен жаңа жұмыс орындары, халыққа қолжетімді тұрғын үй, ауыл шаруашылығын дамыту, кәсіпкерлерді қолдау, жеңілдікпен берілетін несие жағдайлары сөз болды. Нұротандық мәжілісмен өз кезегінде сайлаушыларға елімізде жүзеге асырылып жатқан «Жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламалары жөнінде айтып берді. Ондағы ауыл еңбеккерлеріне, орта және шағын кәсіппен айналысатындарға арналған жеңілдікпен берілетін несиелер, шағын қалаларды дамыту жайындағы бағдарламалар туралы әңгіме өрбіді. Зейнеткерлік жинақтау қорлары мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының сапалы электрондық қызметі жайынан да түсініктеме берді. Депутат А. Бекенов  алдағы уақытта Атырау облысының шалғай ауылдарында, «Ақбұлақ» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыс істеп жатқан мекемелерде, Атыраудағы «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалында жас белсенділермен кездесуді де жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар