Мәжіліс депутатының Қарағанды өңіріне сапары барысында Елбасы реформасын заңнамамен қамту барысы талқыланды
Өңірге сапары аясында депутат Нұрлан Жазылбеков ғылым мен инжинерингтің болашаққа жасалған 19 инновациялық орталығымен танысты. Халық қалаулысына осы жердегі шағын өндіріс базасында «Қазақстанда жасалған» деген төлтаңбамен өнімдер шығарып жатқаны хабарланды.
Бұдан бөлек, мәжілісмен Н.Жазылбеков құқық қорғау органдарының (ІІБ, ҰҚК, ІІМ Академиясы) өкілдерімен болған жүздесуде бес институтционалдық реформа, Парламентте қаралып жатқан заң жобаларындағы жаңалықтар жайында әңгімелеп берді. Жұртшылықпен жүздесу барысында Елбасы айқындаған реформаның жүзеге асырылу барысы, оны заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері жайында да сөз болды. Сонымен қатар депутат сапар аясында Қарағандыдағы тарихи өлкетану мұражайында болып, оның тыныс-тіршілігімен танысты, қызметкерлерімен жүздесті.