Мәжіліс ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру мен өткізуге арналған заң жобасын жұмысқа алды

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру мен өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын өндіріске алды.
None
None

«Заң жобасының мақсаты ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу үшіні құқықтық реттеуге негіз қалыптастыру болып табылады. Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті аталған құжатты қарап, 2013 жылдың 13 желтоқсанына дейін қорытынды шығаруға әзір» деді депутат Александр Милютин.

Өз кезегінде Мәжіліс спикері Н. Нығматулин аталған заң жобасын Елбасы басымдықпен қарау туралы міндет қойғанын атап өтті. «Сондықтан да, комитет осындай мерзімді белгілеп отыр», деді палата төрағасы.

Соңғы жаңалықтар