Мәжіліс: «ЕҚЫҰ және ТМД: жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар» халықаралық парламенттік конференциясының айдарбелгісі бекітілді

АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат- Бүгін Мәжілісте «Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіне арналған «ЕҚЫҰ және ТМД: жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар» деген тақырыптағы халықаралық парламенттік конференцияның айдарбелгісі бекітілді,
None
None

деп хабарладыҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Аталған форум Ресей Федерациясының Санкт-Петербор қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрамындағы ұлттық парламенттері өкілдерінің және әлемнің өзге елдерінің де танымал саясаткерлері мен сарапшыларының қатысуымен өтеді.

Желтоқсан айында Астанада болатын ЕҚЫҰ Саммиті қарсаңында Нева жағалауындағы қалада өткелі тұрған конференция үстіміздегі жылы қазанның 28-і күніне белгіленген. Бұл маңызды басқосуға Қазақстан Республикасының парламенттік делегациясы қатысады.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі - мемлекетіміздің бұрынғы кеңестік құрамда болған елдермен стратегиялық әріптестік орнатудың жаңа деңгейге көтерілуіне және дүние жүзінің барлық елдерімен байланыс жасауына жол ашады.

Санкт-Петербордағы конференция рухани және қоғамдық келісімді сақтау, қауіпсіздікті нығайту және ядролық қауіп-қатерді болдырмау жөніндегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып отырған, ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы ретінде Қазақстанның бейбітсүйгіштік саясатын әлемдік қоғамдастық өкілдеріне таныстыру мақсатын көздейді.

Соңғы жаңалықтар