Мәжіліс электр энергетикасы және табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметін қамтитын заң жобасын мақұлдады

табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлданды. Енді аталған құжат Сенаттың қарауына жолданады.
Естеріңізге сала кетсек, аталған заң жобасы энергия өндіруші ұйымдардың, табиғи монополиялар және реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық міндеттемелерін орындау үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталады. Сонымен қоса, осы бағыттағы көрсетілетін қызметтер сапасын, энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық қызметінің ашықтығын арттыру қарастырылады.
Инвестициялық бағдарламаларды бекіту регламенттеліп, инвестициялық бағдарламаларды орындамаған жағдайда олардың игерілмеген қаражаттары тұтынушыларға қайтарылатын болады. Бұдан бөлек, электр стансыларының инвестициялық қызметінің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Оның ішінде, осы бағдарламаға қатысты міндеттемелердің барлығы БАҚ-та жарияланып тұратын болады. Сонымен қатар, инвестициялық міндеттемелердің орындалуына бақылау тетігі күшейтіледі. Олардың инвестициялық міндеттемелері тарифтік табыс деңгейіне сәйкестігі қадағаланады.
Жалпы заң жобасының негізгі мақсаты Қазақстан экономикасының электр қуатына қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ, құжат еліміздегі электр стансыларының инвестициялық қызметтерінің ашықтығын қамтуды көздейді.
Заң жобасын екінші оқылымға әзірлеу барысында бірқатар өзгерістер енгізілген. Атап айтқанда, депутат Асхат Бекеновтың айтуынша, халық қалаулылары құжатты ҚР Үкіметінің және уәкілетті органның құзыретін нақтылайтын, энергияны және суды заңсыз қосқаны және пайдаланғаны үшін жауапкершілікті күшейтетін нормалармен толықтырды.