Мәжіліс ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер туралы заң жобасын өндіріске алды

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен жалпы отырыста палата депутаттары «Ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер туралы» заң жобасын өндіріске алды.
None
None

Заң жобасы Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында айтылған тапсырмасын жүзеге асыру мақсатын көздейді.

Құжат бойынша түсінік берген Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Гүлнар Ықсанованың атап өткеніндей, құжат мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктерді қолданудың құқықтық негіздерін айқындауға бағытталған. Тоқтала кететін жайт, мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктерді қолданудың құқықтық негіздерін айқындау негізінен азаматтардың тұрғын үйге, тұрғын үй көмегіне, білімге, денсаулық сақтауға және медициналық көмекке, әлеуметтік қамсыздандыруға, білікті заң көмегіне, еңбек және жұмыспен қамтуға, мемлекеттік мәдениет және спорт ұйымдарының қызметтеріне қол жеткізуге құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ететін болады.

Соңғы жаңалықтар