Мәжіліс ЕурАзЭҚ Сотын құруға арналған жобаны мақұлдады

АНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Соты Статутын ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
None
None

Аталған заң жобасына байланысты Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Соты 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразия экономикалық қоғамдастықты құру туралы шарттың 8-бабына және Статутқа сәйкес құрылады және әрекет етеді.

Статуттың 13-бабына сәйкес, Сот ЕурАзЭҚ, Кеден одағы шеңберінде қолданылатын халықаралық шарттар мен сол шеңберде қабылдайтын шешімдердің біркелкі қолданылуын қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, аталған кеңістіктегі шешімдердің, қолданылатын шарттардың ережелерін іске асыру мәселелері бойынша Тараптардың арасында туындайтын экономикалық сипаттағы дауларды қарайды. Әртүрлі шарттарды түсіндіруді жүзеге асырады. Түсіндіру нақты істер бойынша шешімдер қабылдау кезінде, сондай-ақ Тараптардың, олардың жоғарғы сот органдарының, ЕурАзЭқ Мемлекетаралық Кеңесінің, Парламентаралық Ассамблеясының және Интеграциялық Комитетінің сұрау салулары бойынша жүзеге асырады.

Сот Минск қаласында орналасатын болады. Оның қызметін қаржыландыру ЕурАзЭҚ бюджеті қаражатының есебінен жүргізіледі. Соттың судьяларын ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босататын болады. Сот құрамына әрбір тараптан 2 судьядан кіреді. Ал судьяның өкілеттік мерзімі 6 жыл.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар