Мәжіліс индустриялық-инновациялық саясатты жетілдіруге бағытталған заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Құжат Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы 55, 56, 57,59, 63 және 86 қадамдарын іске асыруға бағытталған.
None
None

Бұл ретте заң жобасының басты мақсаты аса қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру үшін инвестициялар саласындағы, Қазақстандағы туризм индустриясын одан әрі жүйелі түрде дамыту үшін туристік саладағы, ғылымды қажет ететін экономиканы қалыптастыру мақсатында инновациялық кластер саласындағы заңнамаларды одан әрі жетілдіру көзделеді.

Мәселен, инновациялық кластер саласында ғылымды қажет ететін экономиканы қалыптастыру үшін екі инновациялық кластер жүзеге асады. «Оның бірі, Астанада Назарбаев Университеті базасында құрылады. Онда ғылыми зерттеулер жасау және оны соңынан коммерцияландыру үшін ғылыми орталықтар, зертханалар орналасады. Екіншісі, Алматы қаласында өңірдегі жоғары оқу орындары мен ұлттық орталықтардың ғылыми-шығармашылық әлеуетті пайдалану үшін құрылады. Алматыдағы инновациялық кластер алдына ірі шетелдік жоғары технологиялық компаниялар мен жергілікті компанияларды тарта отырып, жобаларды жүзеге асыру міндеті қойылған. Бұл үшін инновациялық технологиялар паркіне бірлескен кәсіпорындар құру үшін басқарушы органның өкілеттігін кеңейту ұсынылады», - деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев. Бұдан бөлек, заң жобасы энергия тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар шараларды қарастырады. Атап айтқанда, осы салаға жеке инвестицияларды тарту мақсатында бірқатар заңнамалық кедергілерді алып тастау көзделген.

Соңғы жаңалықтар