Мәжіліс Қазақстан-Қытай кеден шекарасы арқылы өткізілетін энергия ресурстарын бақылау келісіміне сенаторлардың енгізген өзгерістерін талқылады

аусымның 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай кеден шекарасы арқылы құбыр желісімен өткізілетін энергия ресурстарын кедендік бақылау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістерді талқылап, бұған келісімін берді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған келісім бойынша Қазақстан-Қытай кеден шекарасы арқылы құбыр желісімен өткізілетін энергия ресурстарын кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау мәселелеріндегі ынтымақтастық шаралары қамтылады. Атап айтқанда, шекаралық құбырдан өткізілген энергия ресурстары туралы, энергия ресурстарын өткізу кезінде кеден ісі саласындағы ұлттық заңнамаларды бұзудың анықталған фактілері туралы ақпарат алмасу көзделеді. Сонымен бірге, мемлекеттердің кеден қызметкерлері құбыр желісімен өткізілетін энергия русурстарына бірлескен кедендік бақылауды жүзеге асырады.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына Парламент Сенаты бірқатар редакциялық сипаттағы өзгерістер енгізген болатын.

Соңғы жаңалықтар