Мәжіліс Қазақстан мен Италия арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты мақұлдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Мәжіліс мақұлдаған құжат енді Парламент Сенатына жолданады.

Шарттың ережелеріне сәйкес, Тараптардың әрқайсысы және сұрау салушы тараптың сұрауы бойынша өзінің аумағында жүрген кез келген тұлғаны ұстап беруге міндеттеледі. Бұл ретте сұрау салынған тұлға тараптардың бостандығын шектеу шараларын қолдану, оған қатысты қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе бас бостандығын айырумен байланысты сот үкімін орындауға қатысты іздеу салынған болуы керек.

Сонымен қатар, аталған заң жобасы аясында ұстап беруге жататын қылмыс түрлері де айқындалып отыр, мәселен, бұған ең алдымен екі елдің де қылмыстық заңнамалары бойынша қылмыс жасағаны үшін бір жылдан кем болмайтын мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатын немесе одан да қатаң жазалар кесілетін қылмыстар түрі жатады.

Бұдан бөлек, шартта Тараптардың адамдарды ұстап беруден бас тарту үшін міндетті және факультативтік негіздері белгіленген. Сондай-ақ, Тараптардың әрқайсысы өздерінің азаматтарын сұрау салған тарапқа беруден бас тарту құқығына ие болып табылады. Ал ондай азаматтарды ұстап беруден бас тартылған жағдайда сұрау салушы тараптың сұрауы бойынша құзыретті органдарға іздестіріліп жатқан тұлғаны қылмыстық қудалауға тарту мақсатында оған қатысты істер берулері тиіс.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады.

Соңғы жаңалықтар