Мәжіліс Қазақстан мен Корея арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты мақұлдады

АСТАНА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған заң жобасының мақсаты қылмыстардың алдын алуда, тергеуде, сот тәртібімен қадағалауда, сондай-ақ заттай дәлелдерді беруде, қылмыстық жолмен алынған мүлікті қайтарғанда Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру болып табылады. Шарттың ережелеріне сәйкес, тараптар бір-біріне сұрау салулар бойынша құқықтық көмек көрсете алады. Сонымен бірге, құжатта көрсетілгендей: сұрау салу саяси немесе әскери сипаты бар қылмысқа қатысты болса, діни, жыныстық, нәсілдік, ұлттық, саяси қатыстылығы салдарынан, адамды қудалау немесе жазалау мақсаты көзделгені білінсе, кез-келген тарап көмек көрсетуден бас тартуы мүмкін. Сондай-ақ шартта қылмыстық қудалаудың ескіру мерзіміне байланысты сұрау салынған адам одан әрі қылмыстық жауаптылыққа тартыла алмайтын болса да көмек беруден бас тартуға болатыны жазылады. Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.
Соңғы жаңалықтар