Мәжіліс Қазақстан мен Латвия арасындағы әуе қатынасы туралы келісімді мақұлдады

АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасының Үкіметтері арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Екі мемлекет арасындағы осы келісім Қазақстан мен Латвияның сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуды көздейді. Сонымен бірге, құжат республика аумақтары арасында және одан тыс жерлерде әуе қатынасын орнату мақсатында әзірленген. Келісімге сәйкес, әрбір тарап тағайындаған авиакомпания белгіленген бағыттар бойынша бірқатар құқықтарды пайдаланатын болады. Атап айтқанда, авиакомпаниялар екінші уағдаласушы тарап мемлекетінің аумағы арқылы қонбай ұшып өту, коммерциялық емес мақсаттармен қону құқықтарын да пайдаланатын болады. Келісім Еуропа бағытына қазақстандық жолаушылар транзитін арттыра түседі деп күтілуде. Латвия мемлекеті осы заңды 1998 жылы ратификациялаған болатын. Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.
Соңғы жаңалықтар