Мәжіліс Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери білім беру мен полигондарды пайдалану шарттарын мақұлдады

Аталған келісім 2005 жылғы 25 қарашада Мәскеуде жасалған. Оның мақсаты Қазақстан мен Ресей бір мезгілде қатысушылар болып табылатын әскери және әскери техникалық ынтымақтастық саласындағы өзара қаржылық міндеттемелерді реттеу болып табылады. Бұған сәйкес екі ел 135,73 млн. доллар сомасында өзара қаржылық міндеттемелерді өтеуді жүзеге асырады.
Атап айтқанда, Қазақстан Ресейден 1999 жылдан бастап 2004 жылды қоса алғанда Сарышаған, Ембі сынақ полигондарын, ел аумағында орналасқан Ресейдің 929 мемлекеттік ұшу - сынақ орталығы мен Ресейдің 4 мемлекеттік орталық полигонының нысандары мен жауынгерлік адамдарын пайдалануға байланысты талап қоймайды.
Ал, Ресей Қазақстанға 1996 жылдан бастап 2004 жылды қоса алғанда Ресей Федерациясында қазақстандық әскери қызметшілерді оқытқанына қатысты шығындарға талап қоймайды. Бұл 2005 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерін РФ Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарында оқытқаны және ұстағаны үшін өзара есеп айырысуларды салыстырып, тексеру актісіне сәйкес жүзеге асырылады.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жіберіледі.