Мәжіліс комитеті 2010 жылғы бюджетке енгізілген өзгерістерге қазанның 23-іне дейін қорытынды шығарады

АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Мәжілістің қаржы және бюджет комитеті «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына қазанның 23-іне дейін қорытынды жасайды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Комитет төрайымы Гүлжан Қарағұсова мәлім етті.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, заң жобасы бойынша 2010 жылға арналған республикалық бюджет түсімдері 3 трлн. 517,8 млрд. теңге көлемінде айқындалып отыр. Бұл қолданыстағы бюджетпен салыстырғанда 139,4 млрд. теңгеге немесе 4,1 пайызға артық. Жалпы алғанда, 269,5 млрд. теңге сомасында қосымша түсімдер мен босатылатын қаражатты бірқатар басым бағыттарға бөлу қарастырылуда. Атап айтқанда, бюджет жобасына сәйкес, 2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру және өткізу іс-шараларын аяқтауға, Астана қаласының инвестициялық жобаларын іске асыруға, отандық тауар өндірушілерді қолдауға, үлескерлердің проблемаларын шешуге, халықты таза ауызсумен қамтамасыз етуге бюджет қаражаты қарастырылатын болады.

Жалпы, республикалық бюджеттің нақтыланған өлшемдері бойынша түсімдер - 3 трлн. 517,8 млрд. теңге, шығыстар - 4 трлн. 321,4 млрд. теңге, тапшылық - 803,6 млрд. теңгені құрайды деп болжануда.

Соңғы жаңалықтар