Мәжіліс мемлекеттік мүлік туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Мемлекеттік мүлік туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған заң жобасының басты мақсаты мемлекеттік мүлікке мемлекеттік құқықты жүзеге асыру үдерісінде қалыптасқан қатынастарды реттейтін мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін, қағидаттары мен ережелерін айқындайтын заңнамалық базаны жетілдіру болып табылады. Бұл ретте Мемлекет басшысы өз Жолдауында осы заманғы экономикалық жағдайда өзгеріп отырған мемлекеттің рөлін мемлекеттік активтерді тиімді басқару проблемаларына жаңа тұрғыдан қарау қажеттігін айтқан болатын. Бұларды заңнама нормасына айнадыру қажеттігін, соның ішінде мемлекеттік активтерді басқару туралы бөлек заңның болуы тиістігін алға тартқан еді.

«Аталған заң жобасы жеке меншік пен мемлекеттік меншіктің тең болу қағидаты сақталған жағдайда мемлекеттік басқарушы тұжырымдамасына негізделген. Заң жобасын әзірлеу барысында біз алдымызға негізгі үш мақсатты белгіледік. Бұлар біріншіден - мемлекеттік меншіктің және өзге де құқықтардың иесі ретінде мемлекеттік мүлікке құқықтарды тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Екіншіден - мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар құзіретінің аражігін ажырату және мемлекеттік органдар мен олардың басшыларын мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізудегі жауапкершілігін арттыру. Үшіншіден - ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар арқылы мемлекеттік мүлікті корпоративтік басқарудың құқықтық негіздерін, олардың мемлекеттік органдармен нақты қарым- қатынасын қамтамасыз етуге жауапкершілігін белгілеу», деді құжат бойынша баяндаған Экономикалық даму және сауда вице-министрі Қуандық Бишімбаев.

Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар 900-ден астам ұсыныстар енгізді. Атап айтқанда, мемлекеттік мүлікті басқару кезінде жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде мемлекеттің мүлікке алу құқықтарын алу тәртібін нақтылау шаралары қарастырылды.

Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін Бас комитетке жолданды.

Соңғы жаңалықтар