Мәжіліс меншік құқығын қорғау туралы заңдағы Президенттің қарсылықтарымен келісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жекелеген тармақтарында Елбасының қарсылықтарымен келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Атап айтқанда, аталған мәселе азаматтардың мүліктік құқықтарын қорғауды күшейтуге қатысты болып отыр.

 «Өздеріңізге белгілі, Парламент 2018 жылғы 27 желтоқсанда аталған Заңды қабылдап, ол 28 желтоқсанда Мемлекет басшысының қол қоюына енгізілді. Қабылданған Заң 2017 жылғы 31 қаңтардағы және 2018 жылғы 5 қазандағы Президенттің Жолдауларын іске асыруға бағытталған. Президент тұтастай алғанда бұл Заңға қолдауын білдіреді, бірақ қабылданған заңда алып тастаған азаматтардың мүліктік құқықтарының кепілдіктері туралы заңнаманың жекелеген қолданыстағы ережелерін сақтау қажет деп ойлайды. Баяндалғанды ескере отырып, ҚР Конституциясының 44- бабының 2- тармақшасына сәйкес, Елбасы Заңның 1-бабы 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларын алып тастауды ұсынды», - деді ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Әлия Рақышева.

Мәжілістің жалпы отырысы барысында палата депутаттары аталған ұсыныспен толықтай келісті.

Соңғы жаңалықтар