Мәжіліс отырысында КО Сыртқы шекарасында көлікті бақылау туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралады

Онда алдағы аптада Мәжілістің жалпы отырысына шығарылатын мәселелер сарапқа салынды.
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің ұсынуымен «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Өзара қаржылық мәселелерді реттеу және әскери білім беру мен сынақ полигондарын пайдалану саласындағы есеп айырысу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы депутаттардың талқысына шығарылатын болды.
Сонымен қатар «Кеден одағының сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да талқыға салу үшін жалпы отырыстың күн тәртібіне ұсынылып отыр.
Бюро отырысында депутаттық корпустың заң шығарушылық қызметіне қатысты басқа да мәселелер қаралды.